Сот Бурабайда 4 әйелді өлтірген ер адамға кесілген үкімді өзгеріссіз қалдырды

0
500

Е​р адам үш әйелді ұйықтап жатқанда пышақтап тастаған, осылайша ол бұрын жасаған қылмысын жасырғысы келген.


Сот Бурабайда 4 әйелді өлтірген ер адамға кесілген үкімді өзгеріссіз қалдырды

ERNUR.KZ. Қыркүйекте сот Ақмола облысының тұрғыны Валентин Штырьды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ішімдік ішкен ер адам әйелді өлтіріп тастаған, кейін тағы үшеуін ұйықтап жатқанда пышақтаған. Ақмола облысы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды, деп жазады sputnik.kz.

"Ақмола облысы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 28 қазандағы қаулысымен Валентин Штырьға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды. Қорғаушының апелляциялық шағымы мен прокурордың қолдаухаты да өзгеріссіз қалдырылды", - деп хабарлады облыс сотының баспасөз қызметі.

Еске сала ктейік, осы жылдың 3 қыркүйегінде Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Штырьды кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Жәбірленуші тараптың моральдық шығынды өндіру туралы талаптары да қанағаттандырылды.

Қанды оқиға 2020 жылдың 5 желтоқсаны күні таңертең Бурабай елді мекенінде болды. Жергілікті тұрғын Валентин Штырь өзімен бірге ішімдік ішкен әйелді өлтіріп, кейін осы қылмысты жасыру үшін тағы үшеуін пышақтап тастаған. Бұл кезде үшеуі де ұйықтап жатқан.

Қаза болғандар – 70 жастағы әжей, оның 41 жастағы қызы және олардың екі көршісі. Тергеу нұсқасы бойынша 28 жастағы ер адам Бурабай ауданы полиция бөліміне өзі хабарласып, төрт әйелді өлтіргенін мойындаған.

Үкім шығару кезінде ауырлататын мән-жайлар ескерілді.