Сот шешімі әділ - Назарбаев Сатыбалдыұлына қатысты үкім туралы

0
596

2022 жылдың қыркүйегінде Қайрат Сатыбалдыұлына сот үкімі шықты.


Сот шешімі әділ - Назарбаев Сатыбалдыұлына қатысты үкім туралы
ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Сатыбалдыұлы үкімінің әділдігі туралы сұраққа жауап берді, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Сот шешімі әділ болды деп ойлаймын. Сот шешімі әділ болмады деп ойлайтын адам шағым берсін. Кез келген жағдай сот арқылы шешіледі", - деді Назарбаев президент сайлауында дауыс бергеннен кейін.

2022 жылдың қыркүйегінде Қайрат Сатыбалдыұлына сот үкімі шықты. Оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет пен ұлттық компанияларда лауазымдарды атқару құқығынан айырумен және тәркілеумен орта қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне алты жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды.