Сот төрелігі академиясында криминалистикалық полигон құрылды

0
89

2025 жылғы 10 сәуірде ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Сот төрелегі академиясын ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттеді.


Сот төрелігі академиясында криминалистикалық полигон құрылды

ERNUR.KZ. Бұл — Академияның жоғары ғылыми әлеуетінің мойындалуы және оның еліміздің сот жүйесін дамытудағы рөлін арттырудағы маңызды қадам. 2025 жылғы 14 шілдеде ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің бұйрығымен «Сот төрелігі академиясының хабаршысы» ғылыми журналы ұсынылатын басылымдар тізіміне енгізілді. Бұл — журналдың талаптарға сәйкестігін және құқық пен сот тәжірибесі саласындағы ғылыми зерттеулерді жариялауға арналған беделді алаң екенін растайды. ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Оның айтуынша, журналдың жаңа сайты іске қосылды, халықаралық идентификатор берілді.

«Академияның оң имиджін нығайту бағытында 2025 жылдың басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында ондаған мақала мен сұхбат жарияланып, тікелей эфирлер мен телесюжеттер ұйымдастырылды. Бұл шаралар қоғамның сенімі мен Академияның сот білімінің жетекші мекемесі ретінде танылуына ықпал етеді. Материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша іс-шаралар іске асырылуда: алғаш рет криминалистикалық полигон құрылды, компьютерлік парк жаңартылды, оқу процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе енгізілді, медициналық пункт жабдықталды», – деді спикер.

Осы аталған кешенді шаралар Академияны жаңғыртуда сапалы серпіліс жасап, оны сот жүйесіне жоғары білікті кадрлар даярлайтын заманауи орталық ретінде дамытуға берік негіз қалады. Барлық қабылданған жаңашылдық судьялар мен заң қауымдастығының оң бағасын алуда.