Су ресурстары министрлігі мамандар даярлау үшін әлемдік тәжірибені енгізуде

0
119

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі саланы цифрландыру жаңа буын мамандарын даярлауды талап ететінін атап өтті.


Су ресурстары министрлігі мамандар даярлау үшін әлемдік тәжірибені енгізуде
ERNUR.KZ. Заманауи кадрлар гидрология және су шаруашылығы инфрақұрылымы саласындағы біліммен қатар, үлкен деректермен жұмыс істеу, геоақпараттық жүйелер мен жасанды интеллект технологияларын қолдану сияқты цифрлық құзыреттерді де меңгеруге тиіс. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында вице-министр Аслан Абдраимов мәлімдеді.
«Осыған байланысты министрлік Қытайдың, Америка Құрама Штаттарының, Еуропа елдерінің және басқа да халықаралық серіктестердің тәжірибесін зерделеп, қолдануда. Біз үшін шетелдік тәжірибені жай ғана қабылдау емес, үздік тәжірибелерді еліміздің жағдайына бейімдеу маңызды», – деді спикер.

Осы жұмыстар аясында мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу бойынша оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру, тағылымдамалар өткізу және іссапарларды ұйымдастыру мәселелері пысықталуда.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық ғылым академиясын, және басқа да ғылыми ұйымдарды қоса алғанда, ғылыми және академиялық қауымдастықпен өзара іс-қимылды дамытып жатыр.