Су тасқыны: Атырау облысында құтқарушылар екі адамның денесін тапты

0
1 696

1974 жылы туған ер адам досымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда, жолдан шығып аударылған.


Су тасқыны: Атырау облысында құтқарушылар екі адамның денесін тапты

Атырау облысында су басқан үйді тексеруге кеткен екі ер адам өлі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бүгін 7 сәуір күні таңғы сағат 11 шамасында Атырау облысы ТЖД күшімен екі адамның денесі табылды. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 6 сәуірде Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда, жолдан шығып аударылған. Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде аса сақ болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлері мен эвакуациялау пункттерінен шықпауға шақырады.