Су тасқыны: "Қазақстан халқына" қоры 114 жаңа үй салып береді

0
517

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі су тасқыны қаупі бар аймақтарда жаңа үйлер салу үшін жер телімдерін анықтап, бөлді.


Су тасқыны:

иллюстрациялық фото

Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін тұрғын үйлер салу туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қордың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жүзеге асырылатын меморандум аясында Батыс Қазақстан облысында Қордың қаржы ресурстары есебінен жергілікті атқарушы органдар ұсынған үлгілік жоба негізінде 114 тұрғын үй салынады.

Үйлер келесі елді мекендерде салынады:


1. Жымпиты ауылы-49 үй;
2. Бұлдырты ауылы - 25 үй
3. Өлеңті ауылы - 38 үй;
4. Жетікөл ауылы-1 үй;
5. Жаңақоныс ауылы-1 үй.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі су басуға бейім емес аймақтарда жаңа үйлер салу үшін жер учаскелерін анықтады және бөлді, сондай-ақ қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізуді қамтамасыз етеді. Орындалатын құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасын бақылау мен қадағалауды облыс әкімдігі жергілікті қоғамдық белсенділермен бірлесіп жүзеге асыратын болады.

Жақын уақытта Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында құрылыс үшін ауылдар мен аумақтар анықталып, тиісті меморандумдарға қол қойылады.