Су тасқыны: Олжас Бектенов залалды бағалау жұмыстарын аяқтауды тапсырды

0
471

Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керектігін айтты.


Су тасқыны: Олжас Бектенов залалды бағалау жұмыстарын аяқтауды тапсырды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов осы аптаның соңына дейін су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жұмыстарын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын. Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек, — деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.