Су тасқынының беті қайтып, 50 467 адам үйіне оралды

0
521

Республика бойынша 50 467 адам үйіне оралған.


Су тасқынының беті қайтып, 50 467 адам үйіне оралды

Төтенше жағдай министрлігі 11:00-дегі су тасқыны жағдайы жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Республика бойынша 50 467 адам үйіне оралған.

9 660 жеке тұрғын үй мен 3 213 ауладан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Су тасқыны басталғалы бері 16,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды.

7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.