Сүлейменова министрліктің бөлінуіне қатысты пікір білдірді

0
836

Мемлекет басшысы су дегеніміз – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс екеніне айрықша назар аудартты.


Сүлейменова министрліктің бөлінуіне қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Мәжіліс кулуарында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова министрліктің бөлінуіне қатысты сұраққа нақты жауап бере алмады, деп жазады baq.kz.

«Сіздің қызметіңіздің бір бөлігін алды? Министрлік екіге бөлінеді. Оған көзқарасыңыз қандай?» деп сұрақ қойды БАҚ өкілі.

Бұл Мемлекет басшысының осы мәселеге деген көзқарасы. Біз қабылдадық, - деп қысқа ғана қайырды ведомства басшысы.

Еске сала кетсек, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы су дегеніміз – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс екеніне айрықша назар аудартты.

Онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл салада заңсыздыққа жол берілмейді. Талапқа бағынбайтындар қатаң жазаға тартылады. Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.