Сұлтан Бейбарыстың мерейтойына 183 млн теңге жұмсалады - Атырау әкімдігі түсінік берді

0
1 021

Қаржының басым бөлігі "Бейбарыс" спектаклін сахналауға кетеді.


Сұлтан Бейбарыстың мерейтойына 183 млн теңге жұмсалады - Атырау әкімдігі түсінік берді

ERNUR.KZ. Атырау облысының әкімдігі Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына 183 млн 868 мың теңге жұмсайды, деп жазады sputnik.kz.

Әкімдіктің айтуынша, қомақты қаржыға өтетін шара да сан-алуан."Халқымыздың төл өнері айтыс ұйымдастыру үшін 17 млн теңге жұмсалады. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының Р.Отарбаевтың "Бейбарыс" қойылымымен Астана қаласына гастрольдік сапары үшін 21 млн 580 мың теңге жұмсалады", - дейді облыстық әкімдік.
Сондай-ақ Отарбаевтың "Бейбарыс" қойылымының Астана қаласындағы гастрольдік сапарына 19 млн 837 мың теңге беріледі.
"Бұл театрдың гастрольдік сапары Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің ұсынысына сай, Каир қаласында ұйымдастырылады. Ол үшін 70 млн 609 мың теңге қарастырылды. Сапар барысында жазушы Рақымжан Отарбаевтың "Бейбарыс" спектаклі сахналанады", - дейді ведомство.
Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы аясында Халықаралық ғылыми конференция да өтеді. Оған 36 млн 842 мың теңге қаржы қарастырылып отыр екен.
"Ұлы билеушінің тарихи тұлғасы мен тағылымды ғұмырын кенеп бетіне түсіру үшін өтетін республикалық суретшілер симпозиумын ұйымдастыруға 18 млн теңге жұмсалады", - деп қосты Атырау облысы әкімдігі.
183 млн теңге қаражат мақсатты жұмсалуын қадағаланады дейді әкімдік мамандары.