Тағы 34 жолаушылар пойызы іске қосылады

0
622

Қазақстан ішінде 119 жұп жолаушылар пойыздары қатынайтын болады.


Тағы 34 жолаушылар пойызы іске қосылады

10 маусымнан бастап жолаушылар қатынасының екінші кезеңі іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Қазақстан темір жолының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша 2020 жылдың 10 маусымынан бастап Қазақстан бойынша көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарын ескере отырып, тағы 34 (Құлсары, Мақат және т.б. сияқты станцияларда карантиндік режимге байланысты 5 пойыздан басқа) жолаушылар пойызы іске қосылады.


Сондай-ақ, жазғы кезеңде Алакөл көліне келесі жолаушылар пойыздары:

1) 2020 жылдың 11 маусымынан бастап № 459-6941/6942-460 «Өскемен-Достық» және № 457-6941 / 6942-458 «Семей-Достық» күн сайын қатынасу мерзімділігімен;

2) 2020 жылдың 14 маусымынан бастап № 255/256 «Алматы 2 – Достық» аптасына үш рет қатынасу мерзімділігімен;

3) 2020 жылдың 18 маусымынан бастап № 258/257 «Нұр-Сұлтан 1 – Достық» аптасына екі рет қатынасу мерзімділігімен шығарылады.

Осылайша Қазақстан ішінде, 119 жұп жолаушылар пойыздары қатынайтын болады.

Мемлекеттік шекаралар ашылғаннан және басқа мемлекеттердің темір жол әкімшіліктерімен келісілгеннен кейін қалған бағыттар кезең-кезеңімен жаңартылады.

Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 9 маусымдағы қаулысымен теміржол вокзалдарының ғимараттарына шығарып салушы азаматтарды жібермеу жөніндегі талап жойылды. Сондай-ақ, жолаушылардың алдын ала тапсырысы бойынша жеткізу тәсілімен жолаушылар пойыздарында (қала маңына қатынайтын электрпойыздарында) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат етілді.

Осыған байланысты Көліктегі Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын ескере отырып, вагон-мейрамханалардың қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға санитарлық-карантиндік талаптарды, әлеуметтік қашықтықты (1 метрден кем емес), вокзал аумағында және пойыз ішінде маскалық режимді қатаң сақтауды сұрайды.