Еліміз бойынша 866 адам дерттен айықты.
Қазақстанда тағы 46 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Қызылорда облысында 3, Алматы қаласында 23, Атырау облысында 4, Алматы облысында 2, Жамбыл облысында 7, Нұр-Сұлтан қаласында 6, Қостанай облысында 1 науқас тіркелді",- деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Осылайша Қазақстанда індетке шалдыққандардың саны 3402 адамға жетті:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 645 адам,
Алматы қаласында – 1051,
Шымкент қаласында – 192,
Ақмола облысында – 99,
Ақтөбе облысында – 109,
Алматы облысында – 140,
Атырау облысында – 139,
Шығыс Қазақстан облысында – 20,
Жамбыл облысында – 130,
Батыс Қазақстан облысында – 146,
Қарағанды облысында – 149,
Қостанай облысында – 50,
Қызылорда облысында – 201,
Маңғыстау облысында – 48,
Павлодар облысында – 129,
Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
Түркістан облысында – 124.


