Қазір коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсынан өткен және оны растайтын құжаты бар шетелдіктер оқшауланудан және ПТР-сынақтарынан босатылады.
ERNUR.KZ. Вакцина алған қазақстандықтар енді Беларусь шекарасынан өткен кезде ПТР-тест тапсырмайды, деп жазады tengrinews.kz.
Құжатқа сәйкес, қазір коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсынан өткен және оны растайтын құжаты бар шетелдіктер оқшауланудан және ПТР-сынақтарынан босатылады.
Вакциналау туралы сертификатқа қойылатын талаптар мынадай:
- вакцина курсы шекарадан өту күніне дейін кемінде бір ай бұрын және 12 айдан аспайтын уақытта аяқталуы тиіс;
- Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілуі тиіс;
- сертификатта вакцина курсының аяқталған күні көрсетілуі тиіс;
- құжат орыс, беларусь немесе ағылшын тілдерінде болуы керек.
Басылымның мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігінің гигиена, эпидемиология және профилактика бөлімінің бастығы Инна Карабан бұл жаңалыққа түсініктеме беріп, вакцина сертификаты бар адамдар үшін Беларуське кірген кезде оқшаулануға қойылатын талаптарды және ПТР-тестілеуді алып тастайтынын атап өтті. Сондай-ақ, Беларуське вакцина алуға келген адамдар оқшауланбауы мүмкін, бірақ олардан әлі де ПТР-тест талап етіледі.