Қызмет көрсету міндетін арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер орындайды.
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ
ERNUR.KZ. Жолаушылар тасымалы» АҚ 1 маусымнан бастап №614/613 «Орал – Маңғыстау» бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагонын іске қосады. Осылайша, «Әйелдер вагоны» қызметі көрсетілетін бағыттардың жалпы саны 12-ге жетеді.
Компания мәліметінше, қазір әйелдер вагондары мына бағыттарда жүреді:
Әйелдер вагонына билеттерді вокзалдағы кассалардан сатып алуға болады. Бұл кезде касса қызметкеріне әйелдер вагонынан орын таңдағыңыз келетінін алдын ала айту қажет. Сондай-ақ билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан онлайн сатып алуға мүмкіндік бар. Онлайн рәсімдеу кезінде билеттің әйелдер вагонына тиесілі екенін білдіретін «ӘВ» (әйелдер вагоны) белгісіне назар аудару керек.