Алдын ала мәліметтер бойынша, әуе апатының себебі - ауа райының қолайсыздығы.
Фото: zerkalo.az
ERNUR.KZ. Бразилиядағы Cessna Aircraft бизнес-джет ұшағы Убатуба қаласындағы Гастон-Мадейра әуежайындағы ұшу-қону жолағының шегінен шығып кеткен. Сөйтіп қалалық жағажайға дейін жетіп, жергілікті скейт-парктің жанында жарылған, деп жазады inbusiness.kz.
Бортта бес адам болған. Әуе кемесінің ұшқышы қаза тапты. Ал қалған жолаушыларды жергілікті тұрғындар құтқарып үлгерді. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар, куәгерлер оларды ұшақ бөліктерінің астынан шығарып алды. Сондай-ақ апат салдарынан жараланғандардың арасында жағажайда демалушы адамдар бар.