Ал Солтүстік Қазақстан облысы керісінше, "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа ауысты.
иллюстрациялық фото
21 сәуіріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша, Қызылорда мен Маңғыстау облыстары «сары аймақтан» «қызыл аймаққа», Солтүстік Қазақстан облысы «сары аймақтан» «жасыл аймаққа» өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау ооблыстары тұр.
«Сары аймақта» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары.
«Жасыл аймақта» Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары ғана.
Ал жалпы Қазақстан Республикасы «қызыл аймақта» орналасқан.



