Талапкерлер ҚАЗТЕСТ нәтижелерін ҰБТ балдарына ауыстыра алады

0
147

​Талапкерлер ҚАЗТЕСТ нәтижелерін ҰБТ балдарына ауыстыра алады.


Талапкерлер ҚАЗТЕСТ нәтижелерін ҰБТ балдарына ауыстыра алады

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. ҰБТ-да бейіндік пән ретінде «Қазақ тілін» таңдаған және ҚАЗТЕСТ тапсырған талапкерлер енді ҚАЗТЕСТ нәтижелерін ҰБТ балдарына ауыстыру мүмкіндігіне ие болды, деп жазады inform.kz.

Министрлік мәліметінше, ҚАЗТЕСТ балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

ҚАЗТЕСТ сертификаты балын «Қазақ тілі» пәні бойынша ҰБТ балына ауыстыру шкаласы:
ҚАЗТЕСТ бойынша В1 деңгейі = ҰБТ бойынша 42 балл;
ҚАЗТЕСТ бойынша В2 балл = ҰБТ бойынша 46 балл;
ҚАЗТЕСТ бойынша С1 балл = ҰБТ бойынша 50 балл.
— Бұл жоғары оқу орнына түсуді жеңілдетіп қана қоймай, жастардың тілдік сауаттылығын дамытуға, мемлекеттік тілді жетік меңгеруге деген ұмтылысын қолдауға бағытталған, — деп түсіндірді ведомство.
Айта кетейік, 2025 жылғы 13 шілде мен 20 шілде аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.
Бұған дейін Astana IT University-де білім гранты айналасында дау шыққанын жазғанбыз.