Талдықорғанда бір мектептің түлектері түгел грантқа түсті

0
1 658

Бір мектепті бітіргендер түгелдей грантқа түсіп қуантты


Талдықорғанда бір мектептің түлектері түгел грантқа түсті

ERNUR.KZ. Талдықорғандағы білім ордаларының бірінде шәкірттердің бәрі грантқа оқуға түсті, деп жазады 24.kz.

Бұл Алматы облысы бойынша осындай нәтижеге жеткен жалғыз лицей.

Бітірушілерінің бәрі бірдей грантқа түсіп бір қуантса, 5 оқушы «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлелдеді. 8 оқушы үздік аттестатқа қол жеткізді. Ал лицей шәкіртері республикалық пән олимпиадаларына қатысып, 8 медалді қанжығаға байлады.

- 2018 жылы облыстық деңгейде үздік олимпиадалық команда деген номинацияға ие болдық. 33 баламыз сол олимпиадаға атсалысып қатысып, 30-ы жаңағы бүкіл пәндерден жүлделі орын алды. Лицейде сабақ сегізінші сыныптан бастап 3 тілде – қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі, - дейді №24 лицейдің директоры Мәрия Ғалиева.

Кейінгі 2 жылда оқытушылар физика, химия, информатика, биология пәндерін ағылшын тілінде жүргізіп, мүмкіндіктерінің мол екендіктерін аңғартқан. Лицей ұжымының алдағы мақсаты – шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жаңа оқу жылында да жоғары табыстарға жету.