12 қабатты үйдің кіреберіс ауласынан қыз баланың денесі табылды.
Фото: instagram.com/taldykorganec.7282
ERNUR.KZ. Талдықорған қаласында көп қабатты үйдің ауласынан мәйіт табылды. Құзырлы орган өкілдері қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп жазады inform.kz.
"8 қаңтар күні Талдықорған қаласындағы 12 қабатты үйдің кіреберіс ауласынан қыз баланың денесі табылды. Қазіргі уақытта бұл оқиға байланысты ҚР ҚК-нің 105- бабымен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — деді Жетісу облыстық полиция департаменті.