Бекмановтың жұмыстан босағанын Бас прокуратура хабарлады.
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
ERNUR.KZ. Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметтерінен айырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл шұғыл ақпаратты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босады», - деп хабарлады Бас Прокуратураның баспасөз қызметі.
Дереккөзге сүйенсек, олардың жұмыстан шығуына қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау кезіндегі елеулі кемшіліктері негіз болған.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кісі қолынан қаза тапқан Шерзат атты 16 жастағы баланың әкесі іс бойынша Талғар ауданының прокуроры жұмысынан кетсін деген талап қойған болатын.