Арыстанбек Әбілқайырұлы денсаулығына байланысты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.
Фото: «Аманат» партиясының Алматы облыстық филиалы
ERNUR.KZ. Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қызметінен кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы қала әкімдігінің ресми парақшасында мәлім етілді. Әкім өз шешімін денсаулық жағдайымен байланыстырған. Оның мәліметінше, соңғы уақытта емделуге және еңбек демалысына шығуға мәжбүр болған. Денсаулығы қызметтік міндеттерін толық әрі жауапкершілікпен атқаруға кедергі келтірмеуі үшін өкілеттігін тоқтатуды дұрыс деп санаған.
Арыстанбек Әбілқайырұлы Талғар қаласының әкімі болып 2024 жылғы желтоқсанда өткен сайлауда жеңіске жетіп, тағайындалған. Ол бұл қызметті 1 жыл 2 ай атқарды.


