Талғар тұрғындары түнгі аспандағы белгісіз жарықтарды видеоға түсіріп алды

0
229

Желі қолданушыларының кейбірі видеоға метеориттер түсіп қалған деп болжаған.


Талғар тұрғындары түнгі аспандағы белгісіз жарықтарды видеоға түсіріп алды

ERNUR.KZ. Талғар тұрғындары 13 маусымға қараған түні аспаннан ерекше жарықтарды байқаған, деп жазады tengrinews.kz.

Видео kris_p_talgar парақшасында пайда болды.

"Білетін адамдар мұның не екенін түсіндіреді деп ойлаймыз. Бұл құбылыс туралы ақпарат таппадық", - дейді ролик авторы.

Желі қолданушыларының кейбірі видеоға метеориттер түсіп қалған деп болжаған. Тағы біреулердің сөзінше, бұл Falcon 9 зымыранынан қалған із болуы мүмкін екенін айтады.