Одан бөлек арықта өзге де иттің өлекселері ашықтан ашық шашылып жатқан.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Талғар қаласында арықтан тағы 15 қап иттің өлексесі табылды, деп жазады zakon.kz.
Одан бөлек арықта өзге де иттің өлекселері ашықтан ашық шашылып жатқан.
Әкімдік қызметкерлері табылған ит өлекселері әртүрлі тұқымдағы екенін жеткізді: алабайдан бастап басқасы да бар.
Алдында тура осы арықтан 10 қап табылған болатын.
Қызметкерлердің айтуынша, қолқаны алатын сасық қолаңса иіске шыдап тұру мүмкін емес. Видеодан да әкімдік қызметкерлерінің арнайы киім мен бетперде таққандарына қарамастан жөтеліп қалып жатқанын байқауға болады.
Айта кетсек, иттердің өлексесі табылған арық тұрғын үйлердің жанында орналасқан.
Өлексе толы қаптар жинап алынып, көзін жою үшін жүк көлігіне тиелді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өлексе бөлшектері бақша суғаруға арналған су арқылы жұрттың есік алдына да келіп жатады, арасынан иттің басын, ішек-қарнын, терісін де кездестіруге болады. Алғаш рет мұндайға бөрене жинап жүрген жұмысшылар тап болған.
Полиция құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдарды іздеп жатыр.