Талғарда изолятордан қашқан күдікті ұсталды – полиция

0
172

Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Талғарда изолятордан қашқан күдікті ұсталды – полиция

ERNUR.KZ. Талғар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен айыпты құрықталды, деп жазады kaz.inform.kz.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды. Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ іздеу шараларына қоғам белсенділері мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар атсалысты», - делінген хабарламада.

Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Күдіктіге негізгі қылмысынан бөлек қамаудан қашқаны үшін айып тағылады», - дейді құзырлы департаменттен.