Талғардағы жасөспірімнің қазасы: Дүкеннің бейнебақылау камерасына жазылған тағы бір видео тарады (видео)

0
425

Кадрлардан дүкенге бір адамның келгенін, қара пакетпен зат алып, қайта шығып кеткенін байқауға болады.


Талғардағы жасөспірімнің қазасы: Дүкеннің бейнебақылау камерасына жазылған тағы бір видео тарады (видео)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Алматы облысы Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан 16 жастағы жасөспірім қаза тапқан еді. Желіде оқиға болған күні “Қамажай” дүкенінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады, деп жазады stan.kz.

Кадрлардан дүкенге бір адамның келгенін, қара пакетпен зат алып, қайта шығып кеткенін байқауға болады. Ол адам кейіннен дүкенге кіріп, қайта сыртқа шығып кетеді.

Сол сәтте оның соңынан шыққан марқұм Шерзаттың ер адамды ұрып жібергенін байқауға болады. Ал жасөспірімнің әкесі оның бетін сумен жуады. Видеодан кейіннен дүкен алдына бір топ адам жиналып, жанжалды бастағаны да анық көрінеді.

Ал 14 қазанда желіде бейнебақылау камерасына түскен видеоның бір бөлігі ғана жарияланған еді. Ондағы кадрлардан бір топ адамның дүкен алдында жүргенін байқауға болады. Марқұмның әкесінің қолында пышақ бар. Алайда марқұм Шерзат әкесі мен бір топ жігіттердің арасына түсіп, тоқтатуға тырысып жүр.

Айта кетейік, видеоның өзі 23 минутқа созылады. Алайда желіде төбелес туындаған сәттен ғана үзінді таралған.

Желіде видео тараған соң Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қазақстандықтарға үндеу жасады. Ол ешкімнің қанын төкпегенін, енді оған тек әділ сот керегін айтты. Сондай-ақ отбасын Алматы облысынан алып, басқа елге көшетінін мәлімдеді.