Тамыр-таныс көмегімен қызметте көтерілуге жол бермеу керек – Президент

0
996

ҚР Президенті мұндай жайттарды қоғам талқысына шығару қажеттігін баса айтты.


Тамыр-таныс көмегімен қызметте көтерілуге жол бермеу керек – Президент

ERNUR.KZ. Ақордада Президенттің кадр резервіне енген жастармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министр не әкім ауысса кадрлық құрам да өзгеретінін сынады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Көрсеткіштер есебінде мемлекеттік органдардағы ауыспалылық толықтай алғанда 6-10 пайыз нормасы шегінде екенін көрсетті. Бірақ министр немесе әкім ауысқан кезде кадрлық құрамның да айтарлықтай өзгеретіні айқын. Басшы қызметкерлердің санына қатысты нормативтер жоқ. Меритократия принциптері де барлық уақытта сақтала бермейді. Әлі күнге дейін қамқорлық және таныс арқылы, ықпалды қамқоршының көмегімен қызмет сатысында ілгерілеу жайттары бар», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті мұндай жайттарды қоғам талқысына шығару қажеттігін баса айтты.

«Бұған жол беруге болмайды. Мұндай жүйені қоғамдық пікір арқылы да сыни сараптамаға ұшырату қажет. Басқаша мүмкін емес. Өйткені ең бастысы – нәтиже. Қазақстан қарқынды дамып, алға қарай ілгерілеуі тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.