Танымал актер Рамазан Амантай әлеуметтік желідегі парақшасында «Хотя бы кинода 3» фильмін көрген адамдар арасында Toyota Highlander көлігін ойнатқан.
Фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Алайда ол көлік ұтқан жас отбасыға Toyota Highlander көлігінің орнына, ескі Lada Largus көлігін сыйлай салған, деп жазады ulysmedia.kz.
Жақында жарық көрген «Zamanback» фильмімен Қазақстанды шулатып жүрген Рамазан Амантай өзі продюсерлік еткен «Хотя бы кинода 3» фильмін телеграмнан көрген жандарға 4 көлік және Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтер сыйлаймын деп уәде еткен. Осы уәдесінде тұрып, 16 қараша күні киносын көрген алматылық Сабина есімді қызға алғашқы Toyota Highlander көлігін ұтқанын айтқан. Көлікті тапсыру рәсімінде Toyota Highlander-дың орнына Lada Largus көлігін беремін деген.