Таразда сейфтен 19 млн ақша ұрлаған күдікті ұсталды

0
1 045

21 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.


Таразда сейфтен 19 млн ақша ұрлаған күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Белгісіз адам кілттерді таңдау арқылы қалалық базарлардың бірінде орналасқан компанияның үй-жайына заңсыз кіріп, сейфтен 19 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қарағанды облысының Балқаш қаласында қылмыс жасады деген күдікпен Меркі ауданының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Ақшалай қаражат түріндегі заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.