​Таразда сұлулық салонына келген әйелдің 30 мың доллар, 2,5 млн теңгесін ұрлап кеткен

0
1 032

Оның шағымдануымен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер ұрыны қолға түсірген.


​Таразда сұлулық салонына келген әйелдің 30 мың доллар, 2,5 млн теңгесін ұрлап кеткен

ERNUR.KZ. Таразда 38 жастағы әйелді тонап кеткен ұры ұсталды. Ол жәбірленушінің автокөлігінен 30 мың АҚШ доллары, екі жарым миллион теңге және алтын бұйымдарын ұрлап кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, оқиға кезінде жәбірленуші сұлулық салонында болған. Оның шағымдануымен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер ұрыны қолға түсірген.

«Күдікті 28 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Бұрын істі болған. Оның тұрып жатқан пәтерін тексеру кезінде айғақ заттар тәркіленді. Тінту барысында 10 мың АҚШ доллары, швейцарлық қымбат сағат және жалпы құны 10 миллион теңге болатын алтын бұйымдар табылды. Сонымен қатар, пәтер мен көлік есіктерін ашатын бірнеше құрал-саймандары тәркіленді», - делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Айта кету керек, қазіргі таңда күдікті кінәсын толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған.