"Тарихты оқыңыз!": Қазақстандықтар ресейлік депутаттың Instagram-парақшасында пікір жазып жатыр

0
1 508

Бұған дейін ресейлік "Первый канал" эфирінде Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы айтқан сөзі желіде тараған еді.


ERNUR.KZ. Жүздеген қазақстандық Ресей Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың Instagram-дағы парақшасында пікір қалдырды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазақстандықтар Вячеслав Никоновтың Instagram-дағы парақшасында тарих оқу керек деген кеңестер жазып қалдырған.



Депутат ММУ мемлекеттік басқару факультетінің деканы және "Русский мир" қорының басқарма төрағасы екенін де айта кеткен жөн.




Еске салайық, бұған дейін ресейлік "Первый канал" эфирінде Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы айтқан сөзі желіде тараған еді. Депутат эфир барысында Қазақстан деген ел болмады деген.


"Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстанда бұрын мүлде қоныстанбаған. Олар болған, бірақ оңтүстікке жақын. Шын мәнінде, Қазақстан территориясы - Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйлығы", - деген еді Никонов "Большая игра" бағдарламасында.


Ол кейін өз сөзін былай түсіндірді:


"Қазақ КСР шекарасын бекітуде Қазақстан мүддесі толықтай ескерілді. Кейін Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болды. Мүмкіндікті пайдалана отырып, бауырлас Қазақстан халқына ыстық ілтипатымды білдіріп, "Большая игра" бағдарламасында мен дәл осы нәрсені айттым", - деп жазды ресейлік депутат Telegram-каналында.