Тасмағамбетов өзін сынағандарға жауап берді

0
162

Бейнежазба ресми парақшада жарияланбаған.


Тасмағамбетов өзін сынағандарға жауап берді

Фото: РИА

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде ҰҚШҰ төрағасы Иманғали Тасмағамбетовтің Қазақстан халқына үндеуі тарады, деп жазады inbusiness.kz.

"Менің өмір жолымды қалың қазақ біледі ғой деп ойлаймын. Егемен мемлекет болғалы ел игілігіне аз да болса, өз үлесімді қосқандаймын. Әрине, "ауыр жол атыңды сынайды, қиын іс адамды сынайды" деген. Осы жолда талай сый да, сын да болды. Оның ішінде қадіріңді байыптағандар да, жалған жала жауып, бос айыптағандар да болды. Дегенмен сол жалған айыптарға көңіл бөлмедім, кеткен есемді ешкімге артпадым", - деді Иманғали Тасмағамбетов.

ҰҚШҰ бас хатшысының айтуынша, ол "азды-көп абырой атын болымсыз ортаның саудасына салмай, барша айыптаққыш жаранға бір жауабын берсем деп шешкен".

"Туған еліне салмағы жоқ, жел айдаған дәнсіз қауыз тәрізді кейбір бақытсыз жандар үшін мен "ресейшіл", "сатқын" екенмін. Келіссөздің күші емес, зымыранның мысы басып тұрған мына заманда халықаралық әскери ұйымға туған елімнің атынан барып, қауіпсіздік үшін отқа, мүдде үшін суға түскенім үшін бе?! Егер дәл солай болса, онда мен заманында "орысшылсың" деп айыпталған ұлы Абайдың сөзімен қайырайын. "Адамнан надан артпас ұққанменен, тағдыр көрмей қоймайды бұққанменен" дейді. Яғни жүрегін азаптан жарылайын деп тұрса да, қадіріңді білмегендердің алдында еңсеңді түсірме деген", - деді ол.

Бір қызығы, видео ресми парақшада жарияланбаған.