Бала 14 шілде күні жоғалған.
ERNUR.KZ.Алматы облысында тауда жоғалған 7 жасар Ернұр Садуақастың денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.
ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, баланың денесі 28-шілде күні 17:40-та Жамбыл ауданы Ынтымақ ауылынан 8 шақырым қашықтықтағы тау баурайынан табылған.
Бала 14 шілде күні жоғалған.
Оны іздестіруге ТЖД, əкімдік өкілдері, полиция, сарбаздар жұмылдырылған еді. Іздеу тобы маңайды тікұшақпен сүзіп, Қырғызстан шекарасына дейін тінтіп шыққан болатын.