Тбилисиде жоғалған қазақстандық өлі күйінде табылды

0
82

​Бүгін Тбилисиде із-түзсіз жоғалған 27 жастағы Шыңғыс Мұсаәділовтің қаза тапқаны белгілі болды.


Тбилисиде жоғалған қазақстандық өлі күйінде табылды

фото:әлеуметтік желіден

ERNUR.KZ. 4 тамызда Тбилисиде жоғалып кеткен қазақстандық өлі табылды, деп жазады tengrinews.kz.

Бүгін Тбилисиде із-түзсіз жоғалған 27 жастағы Шыңғыс Мұсаәділовтің қаза тапқаны белгілі болды. Жігіт 4 тамызға қараған түні жоғалып кеткен еді. Оның мәйіті табылғанын марқұмның туыстары жергілікті БАҚ-қа хабарлаған. Қайғылы оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Бұл ақпаратты редакция тілшісіне Грузияның Қазақстандағы елшілігі де растады.

Шыңғыстың достарының айтуынша, оны соңғы рет жексенбіден дүйсенбіге қараған түні, шамамен сағат 03:00–04:00 шамасында, Тбилисидегі орталықтағы "Руставели" метро станциясына жақын орналасқан Laila клубының жанында көрген.
"Одан кейін ол үйіне келмеді, жұмысқа да шықпады, ешкімге ескертпестен – бұл оған мүлде тән емес", – дейді оның әріптестері мен достары.

Осыдан кейін Шыңғыс байланыс мүлде үзіліп, ол қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермей қалған.

Іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды. Жақындары мен туыстары Тбилиси полициясына арыз беріп, әлеуметтік желілер арқылы хабарландырулар таратты. Олар оның ерекше белгілерін көрсетті: көзілдірік тағатын, бойы 170 см, орташа денелі, шашы қара, самайы ағарған, көзі жасыл-қоңыр түсті. Үстінде қысқа жеңді қою жасыл зығыр жейде және қою сұр шалбар болған.

Қазіргі уақытта Шыңғыс Мұсаәділовтің қаза болу жағдайлары нақты айтылмаған. Грузия құқық қорғау органдары әзірге ресми пікір білдірмеді.