Телефон "скринына" тосқауыл: Ashyq мәртебесі енді жанып-өшіп тұрады

0
602

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі жаңа қорғаныс скриншоттарды түсіруге ғана емес, сонымен қатар экранды жазуға да мүмкіндік бермейтінін түсіндірді.


Телефон

ERNUR.KZ. Ashyq қосымшасындағы мәртебе енді жанып-өшіп тұратын болады. Бұл жүйе мекемелерге телефон экранынан ескі мәртебені "скрин" жасап кіргісі келетіндердің жолын бөгемек, деп жазады Stan.kz.

"Ashyq қосымшасының жасап шығарушыларынан тағы бір жаңалық: телефон экранын "скриндап" алуға тосқауыл, мәртебе жанып-өшіп тұрады әрі айқын көрінетін болады", – деп "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады.

Ол Ashyq қосымшасындағы жаңа жүйе қалай жұмыс істейтінін көрсеткен бейнежазбаны да қоса салған.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі жаңа қорғаныс скриншоттарды түсіруге ғана емес, сонымен қатар экранды жазуға да мүмкіндік бермейтінін түсіндірді.