Жүріс-тұрысы күдікті болып көрінген.
ERNUR.KZ. 12 cәуір күні кешкілік «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығына қарасты бақылау бөлімшесінің шекара наряды жүріс-тұрысы күдікті болып көрінген ҚР азаматшасынан ұялы телефондарды тәркілеген, деп жазады baq.kz.
Шекара қызметкерлері бақылаудың барлық түрін өтіп болып, енді Қазақстанға қарай бет алған 1978 жылғы қазақстандық азаматшаны ұстаған.
"Жүріс-тұрысы күдікті болып көрінген азаматшаны жеке алып шығып тексерген кезде, оның қойны-қоншынан 15 дана ұялы телефондар табылды. Заңсыз тауар актіленіп, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды", - делінген хабарламада.