Телефонның жарығын қатты ұлғайтқан қыздың көзі "күйіп" қалған

0
2 347

Мамандар хатшының сол жақ көзінің қасаң қабығынан ұйыған қан тауып, көру қабілеті төмендегенін анықтапты.


Телефонның жарығын қатты ұлғайтқан қыздың көзі

ERNUR.KZ.Тайваньның Гаосюн қаласында тұратын 25 жастағы Ченьн көзін қарату үшін дәрігерлерге жүгінген. Окулист мамандар тексеру нәтижесінде бойжеткеннің жанары телефонның қатты жарығынан күйіп қалғанын анықтаған деп жазады Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Хатшы болып қызмет атқаратын Ченьнің ұялы телефонына хабарламалар жиі келетін болған.

Ол көшеде жүргенде жылдам жауап қайтару үшін телефонның жарығын көтеріп пайдаланыпты.

Бастапқыда хатшы қыз айтарлықтай ештеңені сезбеген көрінеді.

Бірақ уақыт өте келе көру қабілетіне байланысты қиындықтар шыға бастапты.

Ченьнің көзі қызарып, қатты ауыратын болған.

Ол екі жылдан кейін көз дәрігеріне жүгінуді шешіпті. Дәрігерлер оның жанарын тексеру барысында қатты таңғалған.

Мамандар хатшының сол жақ көзінің қасаң қабығынан ұйыған қан тауып, көру қабілеті төмендегенін анықтапты.

Ал оң көзінен 500-дей тесік табылып, ол көзінің көруі мүлде нашарлағанын жеткізген. Дәрігерлер Ченьнің оң жанары "қысқа толқынды пеште күйіп қалған сияқты" екенін алға тартқан.

Хатшы телефонды ең жоғарғы жарығы 625 люмен қолданыпты.

Ал мамандар 300 люменнен асырмауға кеңес береді.

Дәрігерлер Ченьге стероидты ем тағайындаған.

Жүргізілген ем үш күннен соң нәтиже бере бастапты.

Окулисттің айтуынша, бойжеткен жанарының бұрынғы қалпына келу-келмеуі белгісіз екен.