Осы уақытқа дейін 3500-ге жуық абонент газбен қамтамасыз етілген.
фото: Sputnik / Алексей Витвицкий
ERNUR.KZ. Теміртау қаласында 6500 тұрғын үй газға қосылады, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі кезде Әлеуметтік қала, Ескі қала және Нұра өзенінің оң жағалауы бойынша жұмыстар аяқталды. АБВ және 9а шағын аудандарында жоспарланған 24,5 км газ құбырының 21 шақырымы, ал Достық тауында 21 шақырымның 12 шақырымнан астамы тартылды.
"Отрадныйда" желілердің ұзындығы 17,5 шақырымға жетеді, оның 17 шақырымы салынды. Осы уақытқа дейін 3500-ге жуық абонент газбен қамтамасыз етілген. Олардың ішінде 2000 үй көгілдір отынды пайдалануға кірісті.
Теміртау құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Нұркен Әбілдиновтың айтуынша, барлық жұмыс жыл соңына дейін аяқталады.
"Қосылу кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Сапаны бақылауды техникалық және авторлық қадағалау қамтамасыз етеді. Барлық жұмыстарға бес жылдық кепілдік қолданылады. Құрылыс аяқталғаннан кейін мердігерлер абаттандырумен айналысады", - дейді Әбілдинов.