Теміртауда анасы тілазар баласын теміржол бойына тастап кеткен

0
1 433

Дәл сол мезетте жүйткіген пойыз да жетіп, жеткіншектің өміріне қауіп төніпті.


Теміртауда анасы тілазар баласын теміржол бойына тастап кеткен

иллюстрациялық фото: oboinazakaz.ru

ERNUR.KZ. Қатігез ата-ана тілазар ұлын теміржол бойына тастап кеткен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Дәл сол мезетте жүйткіген пойыз да жетіп, жеткіншектің өміріне қауіп төніпті. Баланың періштесі қаққан болуы керек, адам көп жүре бермейтін жерден аяқасты табыла кеткен қыздар оны бір ажалдан аман алып қалды.

Бойжеткендер оқиғаны бейнекамераға түсіріп, туған баласына салғырттық танытқан ата-ананың әрекетін сынға алған.

Кейін оқиғаның Теміртауда болғаны анықталды. Екі баласын жетектеген анна жергілікті жағжайға демалуға келген екен.

Баланың анасы жолдасымен ажырасқан, екі баласын өзі жалғыз асырап жүрген көрінеді. Сол күні әдеттегідей, балалармен бірге демалысқа бармақ болған. Бірақ кенжесі әлденеге ренжіп қалса керек. Қырсыққан. Үлкендерінің киім-кешегін жағажайға кіргізуге кеткенде, болған оқиға деп түсіндірді. Оқиғаға қатысты резонанс туғанынан шошып қалған ана, өзін жамандағандармен келіспейтінін білдірді. Жайттан соң жүрегі ауырып, уыс-уыс дәрі ішумен жүрмін дейді.
Оқиға жергілікті білім өлімінің назарына да ілікті. 9 жастағы Сашаға қатысты бұғандейін ешқандай ескертулер болмапты. Анасына да шағымданған кез тіркелмепті. Дегенмен, бейнежазбадан соң, алты айлық бақылау тағайындалған.

«Анасының балаларды осындай жағдайда қалдыруына байланысты анасын есепке алып, есепте ұстаймыз деп ойлаймын. Тек қана Теміртау қалалық білім бөлімі емес, мектептің соц педагогы бар, сынып жетекшісі қадағалап, енді болашақта қадағалап ұстайтын боламыз», - дейді Теміртау қаласы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Халипа Жаудинова.

Баласынан айырылып қала жаздаған ана бейнежазбаны жариялағандарға өкпелі екенін жасырмады. Бірақ, перзентін құтқарып қалғандарға риза екенін білдірді.