Теміртауда қатардағы жауынгер өзіне оқ атып, көз жұмды

0
784

Аталған факт бойынша Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Теміртауда қатардағы жауынгер өзіне оқ атып, көз жұмды

ERNUR.KZ. Теміртаудағы 5516 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер өзіне оқ атып, көз жұмды, деп хабарлады Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі, деп жазады sputnik.kz.

"Оқиға 21 қазанда түнгі сағат 01.30 кезінде болған. Сарбаз қызмет барысында өзіне бекітілген қарумен басына оқ атқан. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Сағат 2.20-да сарбаз көз жұмды", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қатардағаы жауынгер әскерге Түркістан облысынана шақырылған. Ол 20 жаста болатын.