Теміртауда той қонақтары мониторингтік топтан егістік алқабы арқылы қашқан (видео)

0
550

Металлургтер даңғылы бойында орналасқан Теміртаудағы Гранд холл мейрамханасында көпшілік жиналған іс-шара өтіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.


Теміртауда той қонақтары мониторингтік топтан егістік алқабы арқылы қашқан (видео)

ERNUR.KZ. Теміртаудағы мейрамхана иелері мониторингтік топ өкілдерін кіргізуден бас тартқан. Нәтижесінде той қонақтарының мейрамханадан қашқан видеосы желіде тарап кетті, деп жазады Stan.kz.

9 тамызда 102 пультіне Металлургтер даңғылы бойында орналасқан Теміртаудағы Гранд холл мейрамханасында көпшілік жиналған іс-шара өтіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына мониторингтік топ келген. Тексерушілердің көзіне түспеу үшін қонақтар қызметтік кіреберістен шығып, далаға қашқан. Куәгер бұл әрекетті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге орналастырды.

"Мониторингтік топ келген соң факт расталды. Алайда мекеме әкімшілігі ғимаратқа кіруге рұқсат беруден бас тартты. Келушілер мейрамханадан қосалқы кіреберіс (жертөле) арқылы жасырын түрде кете бастады. Мейрамхана иесіне 670 910 теңге айыппұл салынады", – деді Теміртау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Әбдіғалиева.