Теміртауда үйге келген қонақ шаңырақ иесін аяусыз ұрып тастады

0
1 351

Полицейлер күдіктіні тұтқындады. Оған қатысты ақпарат тексерілгенде оның бұрын істі болғаны, кісі өлтіргені үшін тоғыз жыл түрмеде отырғаны анықталған.


Теміртауда үйге келген қонақ шаңырақ иесін аяусыз ұрып тастады

ERNUR.KZ.Теміртау қаласында ерлі-зайыптылардың үйіне келген қонақ шаңырақ иесін аяусыз соққыға жыққан. Зардап шеккен азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зардап шегушіге 30 пайыз көру мүмкіндігі төмендеуімен көз зақымы, басының жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозы қойылды. Бұл жарақаттарды оған үйіне келген долы қонақ келтірген екен. Ер азаматтар арасындағы жанжал түкке тұрғысыз себептен басталыпты.

"Дастархан басында отырғанбыз, сосын сөзге келіп қалдық. Ол жұдырық ала жүгіріп, мені ұра бастады. Соққыларынан кейін құлағым естімей, көзім көрмей қалды", - деді жәбірленуші.

Полицейлер күдіктіні тұтқындады. Оған қатысты ақпарат тексерілгенде оның бұрын істі болғаны, кісі өлтіргені үшін тоғыз жыл түрмеде отырғаны анықталған.

Бұл жолы оған қылмыстық кодекстің 106-бабы "Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру" бабы бойынша айып тағылып отыр. Ол кінәсін мойындап, прокурормен келісімге келген.

Теміртау қалалық соты күдіктіге үш жарым жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Ол жазасын қауіпсізгі жоғары колонияда өтейтін болады. Сот оның әрекеттерінде қылмыс жасауға бейімділік бар деп тапты.