Теміртауда үш бала жүріп бара жатқан көлікке жармасқан: полиция ата-ананы жазалады

0
157

Бейнежазбадағы балалардың жасы шамамен 10-11-де болып шықты.


Теміртауда үш бала жүріп бара жатқан көлікке жармасқан: полиция ата-ананы жазалады

Фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Теміртау қаласында 10-11 жастағы мектеп оқушылары жүріп бара жатқан жүк көлігінің артына жармасып алып, өмірлеріне қауіп төндірген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Олардың бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралған соң, полиция видеоны зерделеп, балалардың кім екенін тапқан.

«10-11 жастағы мектеп оқушылары»

Polisia.kz ақпаратына сүйенсек, жедел іздестіру барысында 10-11 жастағы үш бала табылған.

«Полиция балалар мен олардың ата-аналарын анықтап, бөлімшеге апарды. Бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған іс бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды», - деп хабарлайды полиция.

Балалар арнайы есепке алынады

Бұл шаралардан бөлек, полиция бұл жасөспірімдерді мектеп ішіндегі арнайы есепке алған.

«Полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларының жүріс-тұрысын бақылау керегін еске салды. Мұндай немқұрайлық қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін», - деп хабарлайды полиция.