Теміртауда зейнеткердің танысы оның алты миллион теңгеден астам ақшасын ұрлаған

0
432

Полиция қызметкерлері 24 жастағы күдіктіні ұстады.


Теміртауда зейнеткердің танысы оның алты миллион теңгеден астам ақшасын ұрлаған

ERNUR.KZ. Теміртауда зейнеткердің танысы оның сеніміне кіріп, алдап-соққан, деп жазады stan.kz.

Полицияға Теміртау қаласының 82 жастағы тұрғынынан өтініш түскен. Зейнеткердің банктерінің бірінің мобильді қосымшасы арқылы 6 млн 175 мың теңгесі ұрланған. Банктен оның шотында ақша қалмағаны туралы хабарлама түскен. Оны кезде ер адам алданғанын түсініпті.

Полиция қызметкерлері 24 жастағы күдіктіні ұстады. Ол зейнеткердің жақын танысы және оған дүкенде ақша төлеуге көмектескен. Сонымен қатар банк картасын пайдаланып, басқа да сатып алулар жасасқан.

Күдікті кінәсін мойындап, зейнеткердің жинақтарын ұрлап, ақшаны өз шотына аударғанын айтты. ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.