Теміртауда жасөспірімдер зейнеткерді аяусыз соққыға жығып, видеоға түсіріп алған

0
144

Жасөспірімдер қарияның пәтеріне кірерде өздерін электрші ретінде таныстырған.


Теміртауда жасөспірімдер зейнеткерді аяусыз соққыға жығып, видеоға түсіріп алған

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Теміртауда бірнеше жасөспірім 67 жастағы зейнеткерді алдап, оның пәтеріне кіріп, аяусыз соққыға жыққан. Олар бұл қатыгез әрекеттерін видеоға түсірген, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде жантүршігерлік кадрлар жарияланды. Видеода жасөспірімдердің зейнеткердің бетінен ұрып, оған түкіріп, дөрекі, балағат сөздер айтқаны көрінеді.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, жасөспірімдер қарияның пәтеріне кірерде өздерін электрші ретінде таныстырған.

Қарағанды облысы Полиция департаменті мәліметінше, жасөспірімдер анықталған.

"Бұл оқиғаны учаскелік полиция инспекторлары әлеуметтік желіде видео жарияланбай тұрып, профилактикалық жұмыс барысында анықтады. Барлық кінәлі тұлғалар, оның ішінде кәмелетке толмағандар да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері оларды дұрыс тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, барлық жасөспірім профилактикалық есепке қойылған.