Теміртаудағы футзалшылардың төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
726

Сотқа дейінгі тергеу барысында полиция қызметкерлері төбелеске қатысушылардың барлығын анықтады.


Теміртаудағы футзалшылардың төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ Теміртаудағы футзалшылардың төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Экспресс К.

Төбелеске қатысушылардың барлығы полицияға жеткізілді. Полиция футзалдан өткен турнирдегі жанжалға қатысты пікір білдірді.

Қарағанды облысы ПД-нің баспасөз қызметі мәліметінше, кінәлілерге 5000 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полиция қызметкерлері төбелеске қатысушылардың барлығын анықтады. Турнир әуесқой футзал командалары арасында ұйымдастырылды. Ойын кезінде спортшылардың бірі ереже бұзып қарсылас команданың ойыншысын итеріп жіберді. Мұны көрген команда мүшелері өз ойыншысына жақтасты. Ойын соңы төбелеске ұласты",- делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 293-бабы, 2-бөліміне ("Адамдар тобы жасаған бұзақылық") сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысушылардың барлығына қатысты сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы шығарылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.