Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі жұмысшы көз жұмды

0
892

Медициналық көмек түрлі дене жарақатын алған үш жұмысшыға көрсетіліп жатыр.


Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі жұмысшы көз жұмды

ERNUR.KZ. Теңіз кен орнында құбыр жарылып, екі адам қаза тапты, деп жазады Tengrinews.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 6 шілдеде сағат 09:55 шамасында Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында құбыр жарылып, 1985 жылы туған екі жұмысшы қаза тапқанын хабарлады.

"Медициналық көмек түрлі дене жарақатын алған үш жұмысшыға көрсетіліп жатыр. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Өзге ақпарат Қазақстан ҚІЖК - нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды", - деді ведомство өкілдері.