Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 432-ге жетті.
ERNUR.KZ. Теңіз кенішінде тағы 90 жұмысшы коронавирус жұқтырды, деп жазады zakon.kz.
"Штаб ақпаратына сәйкес, індет жұқтырғандардың арасында 90 адам - Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері. Атап айтқанда, 83 ер адам және 7 әйел", делінген Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Шұғыл штаб хабарламасында.
Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- Ал, Covid-19 жұқтырған тағы екі жағдай Атырау қаласында тіркелді. Олар - 52 жастағы әйел мен 27 жастағы ер адам. Олармен байланыста болған адамдардың тізімі жасалып, ауру ошағына дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, - делінген хабарламада.
2020 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 432-ге жетті, оның ішінде 359 адам - Теңіз кенішінің жұмысшылары.