Теңіз жағасынан 40 итбалықтың өлі денесі табылды

0
694

Итбалықтардың өлекселері туралы бейнеролик әлеуметтік желілерде тарап кетті.


Теңіз жағасынан 40 итбалықтың өлі денесі табылды

ERNUR.KZ. Онда зақымдалған бірнеше итбалық теңіз жағасында жатыр. Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий арнайы комиссия соңғы үш күн ішінде дауылды ауа-райына байланысты жағалауды зерттегенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Бүгін, 29 наурызда, Түпқараған ауданының теңіз жағасында Өрдек теңіз мүйісі мен Баутин қиғашының арасынан 40 итбалықтың денесі табылды.

Алдын-ала тексеру жасалды. Өлекселерде дене жарақаттары, жаралар мен зорлық-зомбылық белгілері байқалмады, дейді мамандар.

"Дауылдан кейін біздің мамандар шашылып қалған өлекселерді іздеу үшін әрдайым теңіз жағалауын зерттейді. Олар теңіз жануарларының қай өлгенін, себептерін медициналық сараптама арқылы анықтайды. Итбалықтардың көздері зақымдалған. Оны өлгеннен кейін бұзылған болуы мүмкін деп ойлаймыз. Өлген теңіз жануарларын құстар шұқып, жұлып алады", - деді Андрей Руцкий