TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

0
483


TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Фото: unsplash

ERNUR.KZ. TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде көпшілік алдында балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық көрсеткен азамат полиция назарына ілікті, деп жазады Zakon.kz.


Бұл туралы 2026 жылы 8 тамызда ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды:

"Тексеру барысында “Тау адам” деген лақап атпен тіркелген аккаунттың Тараз қаласының тұрғыны Абзал Салиховқа тиесілі екені анықталды. Сот шешімімен азамат кінәлі деп танылып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды".