Қайғылы оқиға 13 тамызда Қостанай ауданындағы Нечаевка ауылының маңында болған.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Өңірлік ТЖД мәліметінше, ер адам бес баласымен бірге су жағасына барып, шомылуға арналмаған жерде суға түскен, деп жазады inbusiness.kz.
Шомылу кезінде екі қыз суға бата бастаған. Бірі жағаға өз бетінше шықса, екіншісін құтқаруға әкесі ұмтылған. Бірақ әкесі жүзе алмаған соң қызының соңынан суға кеткен.
Ағыс ер адам мен қыздың денесін алып кеткен. Құтқарушылар баланың денесін 13 тамызда кешке қарай тапты. Ал ер адамның денесі келесі күні табылды.


